KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Шіліктінің жолы қашан жөнделеді?

22.09.2020, 05:16 219


– Биыл көктемде ауданымызға келген сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан мен Шілікті ауылының арасындағы жол жөнделетінін, оған қаржы бөлінетіндігін айтқан болатын. Ауыл тұрғындары жолды жөндеу қашан басталатынын тосып жүр. Себебі, жолдың қазіргі жағдайы өте төмен. Әсіресе, аудан орталығынан келетінн автобуспен Зайсанға жеткенше жолдың азабын тартып барамыз. Сұрағымыз, Шіліктінің осы жолы қашан жөнделеді?


Рахимаш Хамзина,
Жалши ауылы,
Зайсан ауданы

 

Сауалға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов жауап береді:


– Зайсан қаласы мен Шілікті ауылының арасындағы жолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталады. Себебі, жолдың бұрынғы жобалық-сметалық құжаттамасы ескірген, оны қайтадан жасау қажет. Әрі күз келіп қойғандықтан, биыл бастау мүмкін емес. Келер жылы аталған учаскедегі орташа жөндеу жұмыстарын екі бөлікке бөліп, алдымен Шілікті ауылы жағынан бастаймыз. Одан соң екінші бөлігіне қаржы бөлініп, қазіргі тас қиыршықты жолдан тас жолға айналатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив