KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты - Өскемен

21.09.2020, 09:51 206

Өскемен қаласында өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйек күні сағат 8.30-да Үлбі өзеніндегі көпірде болды. Көпірден Нұрмағамбетов көшесіне қарай шығаберісте өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысқан.

«Трамвай көпірден өтіп келе жатты, ал өрт сөндіру көлігі Протозанов көшесімен жүрген. Анықталғандай, өрт сөндіру көлігі шақыртуға бара жатқан. «Сергек» бейнебақылау камераларындағы жазба зерттелді. Бейнежазбадан өрт сөндіру көлігінің дабыл шамдары қосылып тұрғаны көрінді. Трамвай оған жол бермей қойған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Зардап шеккен ешкім жоқ. Жол ережесін бұзған трамвай жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив