KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да орақ маусымы қара бидай орудан басталды

17.09.2020, 05:44 168

Облыстық басқарманың берген ақпаратына сүйенсек, биыл аймақтағы 603,4 мың гектар егіс алқабына дәнді-бұршақты дақылдар, ал 281,6 мың гектар алқапқа мал азықтық дақылдар егілген екен. Дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 53,62 мың гектарға, яғни 9,5 пайызға өскен. Ал жемшөп дақылдары алқаптары керісінше 9,9 мың гектарға, яғни 3,5 пайызға қысқарған.

– Қазіргі уақытта аймақта дәнді-бұршақты дақылдар арасында  күздік және жаздық бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, бұршақ, соя, ноқат, жүгері, масақ қоспасы, тары, тритикале және құмай қоспасы өсіріледі, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Диляра Жылқайдарова. – Ал жемшөп дақылдарының ішінде сүрлемдік жүгері, тамыр жемшөптік, дәнді-бұршақты жемшөптік дақылдар бар.

Жауапты тұлғаның айтуынша, облысымыз негізінен бидай және күнбағыс дақылдарын өсіруге көбірек машықтанған көрінеді. Атап айтсақ, биыл егіс алқаптарының 420,8 мың гектарына бидай, ал 420,5 мың гектарына күнбағыс дақылы егілген екен. Облысымыз негізінен майлы дақылдарды экспорттауға машықталған. Мысалы, өңірден күнбағыс, зығыр және рапс сияқты майлы дақыл түрлері алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Атап айтсақ, Күнбағыс Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға және Қытайға, зығыр Ресейге, Өзбекстанға, Австрияға, Бельгияға, Моңғолияға, Польшаға, ал рапс – Ресейге, Австрияға, Иранға, Моңғолияға және Данияға экспортталады.

– Облыс аумағында орақ маусымы биыл 24 шілдеде қара бидай орудан басталды, – дейді Диляра Жылқайдарова. – Биыл дақылдардың әр түрі үшін өңдеуден кейінгі салмақта бидайдың өнімділігі гектарына 12, арпанікі – 10,4, дәндік жүгерінікі – 16,5, сұлынікі – 10,9, тарынікі – 8,4, қарақұмықтікі – 8,6, қара бидайдікі – 10,9, масақ қоспасынікі – 8,1, күнбағыстікі – 10, соянікі – 9, рапстікі – 10,6 центнерден болады деп болжап отырмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив