Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Ауылдарда қашан сапалы интернет болады?

23.07.2022, 02:56 23 0 Мадина Амангелдіқызы
 Ауылдағы ең бірінші кезектегі мәселе – ауылдарды кеңжолақты және мобильді интернетпен қамту қалай жүзеге асырылуда? Шекаралық аудандарға қарайтын ауылдарда интернет мәселесі қалай шешілуде? Биылғы жылы облыстың нақты қай аудандарында интернет қосылады? Атап бере аласыздар ма? (тізімі болса). 2021 жылы облыс бойынша қанша ауыл интернетке қосылды? Осы сұрақтарға тиісті мекеме басшысы жауап бере ала ма?
Ержан Тоқанұлы,
Катонқарағай ауданы

Сауалға «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының Шығыс өңіріндегі өкілетті өкілі Ермек Қуанышбеков жауап береді:

– 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 683 ауыл интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 146 ауылдық елді мекенде ADSL технологиясы бойынша деректерді беру жылдамдығы 8 Мбит/с дейін ұйымдастырылған.
Байланыс операторының жоспарында дәстүрлі сымды технологиялардан бас тартып, деректерді сымсыз тасымалдау желісін дамыту тұр. Осы бағытта байланыс операторы «радиокөпір» технологиясын пайдалана отырып, ауылдардағы интернет мәселесін шешпек. Биыл «Қазақтелеком» АҚ өңірдің 10 елді мекенін интернетке қосу жұмыстарын жоспарлауда.
Сонымен қатар 2020 жылдан бастап Қазақстанның ұялы байланыс операторлары 250+ жобасын жүзеге асыруда. Бұл шалғай елді мекендер тұрғындарына кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізуге, сондай-ақ телемедицина, онлайн білім беру сияқты цифрлық мемлекеттік қызметтерді және тағы басқаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
2021 жылы Tele 2 және Kcell  ұялы байланыс операторлары Тарбағатай ауданының Құмқөл, Көкжыра, Екпін ауылдарын, Катонқарағай ауданындағы Өрел және Алтынбел ауылдарын, Үржар ауданының Бақты ауылын сымсыз мобильді интернетке қосу жұмыстарын жалғастырды. Интернет қосылатын ауылдардың толық тізімін осы операторлардан алуға болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив