KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Dala dauysy республикалық конкурсы жарияланды

15.10.2022, 23:52 257
DALA DAUYSY республикалық конкурсы жарияланды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жалпы жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын конкурс негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Оның ішіндегі "25 қазан – Республика күні" ұлттық мерекесін өнерпаздарымыз шығармашылықтарына арқау ету үшін арнайы тағайындалған "Республика әні" (эстрада жанры бойынша патриоттық әндер) номинациясын ерекше атап кетуімізге болады"- дейді Дәурен Абаев.

Сонымен жоғарыда айтылған 5 номинация:


"Үздік фольклорлық музыка";

"Үздік классикалық музыка";

"Үздік драматургиялық туынды";

"Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы";

"Республика әні" (Эстрада жанры).


Сонымен қатар мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс жаңа авторды елге танытуға, тың туындылардың көпшікке таралуына, патриоттық әндердің кеңінен насихатталуына серпін береді.

Конкурс туралы толық ақпарат Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының www.kaztheatre.kz сайтында көрсетілген.

Өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданып, сыйлықт желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив