ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-33°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

"Дәріс, үй жұмысы... деген жоқ" ЖОО-лар ғылыммен айналысатын модельге көшеді

22.07.2022, 14:58 1 0 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім беру моделі өзгереді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Қазір отандық ғылымның негізгі проблемасы – ғылыми зерттеулеріміз, жүзден астам ғылыми-зерттеу орталықтарымыз, ғылыми институттарымыз ЖОО-ға негізделген технопарк пен ғылыми зерттеулер, өнеркәсіп, өндіріс, нақты компаниялардың талаптарымен, өндірістік процестермен ұштастырылмаған. Яғни, ғылым өз бетімен, өндіріс өз бетімен, экономика өз бетімен жүр. Сондықтан ғылым саласында да біздің негізгі мақсатымыз – осы екі дүниені ұштастыру. Отандастарымызға қарапайым сұрақ қойсақ – қазақстандық ғылымға сенесіз бе деп сұрасақ, өкінішке орай, жоқ деген жауап аламыз. Сол сенімді қайтаруымыз керек. Ғалымдарды жаңа кейіпкерлер ретінде олардың мәртебесін қайтаруымыз керек», - деді Саясат Нұрбек.

Сонымен бірге, Ғылым министрі ЖОО-ларды зерттеу және қолданбалы зерттеу орталықтарына айналдыру қажеттігін айтты.

«Неге десеңіз, қарапайым адам мектепте 11 жыл оқиды, бұл – педагогикалық модель. Ал университетке келгенде педагогикалық емес, зерттеу моделімен жұмыс істеу керек. Яғни онда зерттеуді, ізденуді, сыни ойлауды, ақпаратпен жұмыс істеуді үйретіп, еңбек нарығына дайындауымыз керек. Ал бізде 70-80 пайыз университетте – сол дәріс, сол сынып, тақтаға шығару, үй жұмысын тексеру. Сондықтан бұл модель өзгеруі керек. Келесі жылдан бастап, біз ең мықты ЖОО негізінде арнайы орталықтар ашамыз. Яғни 120 ЖОО-ны бір сәтте, бір жылда көшіру қиынға түседі, ондай ресурсымыз жоқ. Бірақ біз пилотты түрде әр өңірде 2-3 білім оштақтарынан бастап, зерттеу моделіне көшіруді бастаймыз. Яғни, мазмұны, әдістемесі, білім беру моделі өзгеріп, енді ЖОО-лар қолданбалы ғылыммен айналысатын модельге көшеді. Келесі жылдан бастап, алты өңірлік университет негізінде технопарктер ашамыз, яғни сол ЖОО-да білім берген профессорлар, магистранттар, докторанттар, бакалаврлар өздері күнделікті білім алып қана қоймай, зерттеумен де айналысуы керек. Технопарк арқылы, патент арқылы сол зерттеулерді қолданбалы зерттеулерге айналдырып, жергілікті бизнес, жергілікті өндіріс ошақтарының пробелмаларын шешуге бағытталуы керек», - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды