KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Торпедо» «Pro Hokey Ligasy-2020-2021» жарысында өнер көрсететін болды

9.09.2020, 07:33 114

Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы алдағы ел біріншілігінің күнтізбесін әзірледі.

Айта кетейік, «Pro Hokey Ligasy-2020-2021» деп аталатын биылғы республикалық додаға жылда бәсекеге түсетін ұжымдардан бөлек, Нұр-Сұлтанның «Номады», Қарағандының «Сарыарқасы» мен Өскеменнің «Торпедосы» да қатысады.

Яғни, аталған үш команда да Жоғары хоккей лигасы аясында ұйымдастырылуы тиіс 2020-2021 жылдарғы чемпионатта өнер көрсетпейді деген сөз. «Мұндай қадамға әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты баруға мәжбүрміз», – деп түсіндірді «Торпедо» хоккей клубының баспасөз қызметінен.

Осылайша, алдағы ел біріншілігінде Өскеменнің атынан екі бірдей ұжым – «Торпедо» мен «Алтай Торпедо» сынға түспек. Екі команда да чемпиондық атақ үшін талас жүргізуі тиіс. Клуб басшылығы қос ұжымның алдына осындай міндет қойып отыр.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні басталатын елішілік жарысқа ұзын саны 13 команда қатысады. Дәлірек айтсақ, биылғы біріншілікте өскемендік ұжымдардан бөлек, «Арлан» (Көкшетау), «Ертіс» (Павлодар), «Aлматы» (Алматы), «Бейбарыс» (Атырау), «Құлагер» (Петропавл), «Теміртау» (Теміртау), «Aқтөбе» (Ақтөбе), «Горняк» (Рудный), «Номад», «Снежные барсы» (екеуі де Нұр-Сұлтан) және «Сарыарқа» (Қарағанды) хоккейшілері өзара мықтыны анықтайтын болады.

Белгілі болғандай, чемпионаттың бірінші туры аясындағы ойындарын жерлестеріміз қонақта өткізеді. Атап айтсақ, 19 кыркүйек, сенбі күні «Торпедо» «Алматымен» күш сынасса, «Алтай Торпедо» көкшетаулық «Арланға» қарсылас атанатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив