KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 0,9 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да күзгі-қысқы аңшылық маусымы басталады

4.09.2020, 08:44 193

Аң аулау ережелерінің талаптарына сәйкес, ШҚО аумағында 5 қыркүйектен бастап суда жүзетiн құстарға, тұяқты жануарлар мен жыртқыштарға күзгі аңшылық маусымы басталады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық хабарлады.

Инспекцияның хабарлауынша, аң аулауға бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ғана рұқсат. Сондай-ақ, аңшының жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатқағазы және аңшылық-шаруашылық ұйымының жолдамасы болуы тиіс.

Қазіргі ШҚО-да 56 аңшылық-шаруашылық бар, оның жартысында аң аулауға әлі де тыйым салынған.

«Қоршаған ортаны қорғау құрылымдарының қызметкерлерімен келіспеушіліктер болмас үшін әуесқой аңшыларға бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы No 18-03/157 бұйрығымен бекітілген аң аулау ережелерімен мұқият тансып шығу керек», - дейді инспекция.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив