KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Төлқұжат пен жүргізуші куәлігі жыл соңына дейін цифрлық форматқа ауыстырылады

2.09.2020, 08:45 180

Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар маңызды құжатты цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометрия бойынша Egov-та бір қадам арқылы тіркелу жүзеге асырылады. 

Бұл азаматтарға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез келген қызметке қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде электронды үкіметтің қызметін пайдаланатындар саны артады. 

"Қызмет алушылар Egov-та тіркелгеннен кейін, қағаз құжаттарымен қатар, цифрлық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл сервиске жыл соңына дейін жүргізуші куәлігі, автокөлік техпаспорты, төлқұжат, жоғары білім туралы диплом, студенттік билет және тағы басқаларын шығару жоспарланып отыр", - деді Мусин үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоғары сұранысқа ие 30-ға жуық анықтаманы алып тастау жоспарланып отыр.

Министр ақпараттың шынайылығын растау QR-кодты оқу арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив