KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Қазақстандық бірнеше ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

28.08.2020, 09:57 132

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл шешімге бірқатар жоғары оқу орнын қайта тексеру барысында Білім туралы заңнама нормаларының бұзылуын анықтау негіз болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, "Алматы" университеті, "Қайнар" Академиясы, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және "Silkway" халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды.

"Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті "Алматы" Университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты. "Қайнар" Академиясы мен "Silkway"Халықаралық университетін тексеру қорытындылары тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде "құқық" даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылғаны айтылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив