KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да көмірдің орташа бағасы қанша?

26.08.2020, 07:40 170

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары межеленген жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы. 

Басқарма басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінде өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандары 79%, білім беру нысандары 76%, әлеуметтік қорғау нысандары 82%, тұрғын үйлер 63% дайын.

- Ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын отынмен қамтуға баса назар аударылуда. Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі. Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры 132,1 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген. Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мыі тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62% жеткізілді. - дейді Дәулет Батырбаев. 

19 тамыздағы деректерге сәйкес, облыстағы теміржол тұйықтарында 38,3 мың тонна көмір бар. Облыс тұрғындары үшін көмірдің орташа бағасы 12 500 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив