KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскемендік дәрігер ревакцинацияның маңыздылығына тоқталды

21.07.2022, 10:35 143

Өскемен қаласының №1 емханасындағы жанұялық денсаулық орталығының меңгерушісі, дәрігер Гүлнәзи Шәріпова ревакцинацияның маңыздылығы туралы айтып берді.

– Үшінші вакцинация өзіңізді жаңа штамдардан қорғау үшін қандағы антиденелердің жеткілікті деңгейін дамытуға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе вакцинацияланғандардың коронавирусқа қарсы иммунитеті төмендейді. Халықты ревакцинациялаудың арқасында коронавирусқа қатысты жағдай біршама реттелетін болады. Вакцинация ағзаның иммунитетін әлсіретеді деп алаңдаудың қажеті жоқ, бұл пікір дұрыс емес.

Вакцинациядан кейінгі иммунитет аурудан кейінгіге қарағанда әрқашан дерлік күшті. Әрине, вакцина Ковидке төтеп беруді жеңілдетеді, көп жағдайда олар ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация аурудың таралуын тоқтатады және осылайша иммунитеті әлсіз адамдарды (қарт адамдар, онкологиялық науқастар және денсаулығы нашар басқа адамдар) қорғайды, – деді дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінде №1 емхана (Әуезов даңғылы, 18) облыс орталығындағы 60 мыңға жуық тұрғындарға қызмет көрсетеді. Вакцина толығымен қолжетімді: 318-кабинет, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив