KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
439.4 473.54 4.76

ШҚО мектептерінің 80 пайызы аттестациядан өтпеді

21.07.2022, 09:45 90

Биыл бірінші жартыжылдықта өңірдегі 80 білім беру мекемесіне мемлекеттік тексеру жүргізілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аттестациядан тек 16 (20%) мектеп өтіп, 64 білім беру мекемесі өтпей қалған. Бұл туралы облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мәлімдеді.

Ведомство қызметкерлері бірқатар кемшіліктерді анықтапты. Облыс мектептерінде ресми түрде 344 бұзушылық бар деп танылды. Айталық оқу жоспарлары мен кестелерінің сәйкес келмеуі, тәрбие жұмысының нашар ұйымдастырылуы, бейіндік оқытудың нашар іске асырылуы. Сондай-ақ білім алушылардың дайындық деңгейі де талапқа сай болмай шықты.

26 мектеп электронды күнделікті толтыруды елемеген. Сегіз меткепте тамақтану пункті жоқ. Тағы үш медициналық кабинеттің лицензиясы болмай шықты.

Аттестация барысында өңірдегі балабақшалар да тексерілгенін айта кетейік.

– Балабақшаларда да кемшілік аз емес. Мәселен жұмыс жоспарында сәйкестік жоқ, пәндік-дамытушылық орта жоқ, «мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша педагогтардың үлесі төмен, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу жоспарлары іске асырылмаған, тәрбиеленушілердің дамуына мониторинг жүргізілмеген, оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптар сақталмаған және топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасақталмаған, – деп мәлімдеді облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив