KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Облыс "сары" аймаққа ауысқан жағдайда...

20.07.2022, 18:10 84

Шығыс Қазақстанда соңғы тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше өсім қарқыны тәулік ішінде 32,2%-ға жетіп отыр. Мамандар бұл көрсеткіш өсе берсе өңірдің сары аймаққа енуі әбден мүмкін екенін жасырмады.

Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда:

- науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;

- COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған COVID-19-ға қарсы екпеге түбегейлі қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;

- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізуді болдырмау (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);

- объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету сынды шаралар қабылданады.

Сондай-ақ халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, вокзалдар, базарлар, сауда үйлері, театрлар, , ХҚКО, банктер және т.б) медициналық маска тағу міндеттеледі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив