KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Аягөздің жаңа әкімі бірден көшелердегі суағар мәселесін қолға алды

21.08.2020, 04:39 178

Аягөз қаласының кей көшелерінде суағар арықтарының жоқтығы, арықтардың қоқыспен толтырылғаны байқалады, бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.

"Бұл көшелердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы көшені айтуға болады. Асфальт төселеді деп жоспарланып отырған көшенің жобалық сметалық құжатында суағар орнату қарастырылмаған. Аталған көше тұрғындарымен кездесу барысында, алдағы уақытта көше тұрғындарымен ақылдаса отырып суағар орнатуды қарастыратындығымды жеткіздім",-дейді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, күз мезгіліндегі жауын –шашынның көптігін ескере отырып, қаладағы суағар арналарын тазалау жұмыстары әкімнің тікелей бақылауымен жүзеге асырылатын болады.

Жалпы алдағы уақытта ауданда атқарылатын жұмыстар қауымдастықпен, тұрғындармен ақылдаса атқарылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив