KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 8 м/с, СБ
448.56 478.03 4.79

Телеарналардың тоқтатылуына 5G-дің қатысы бар ма?

19.08.2020, 05:48 183

Бүгін, яғни19 тамызда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылды. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ хабарлады.
Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Дегенмен Whatsapp мессенджеріне әлде бір әйелдің «19 тамызда Қазақстанда 5G желісі қосылады. Ол балалар үшін аса қауіпті, өлімге әкелуі мүмкін» деп деп теледидар мен радио хабарларын тоқтату алдын ала жоспарланған деген. Осыған байланысты, автор 25 тамызға дейін Wi-Fi, теледидарды өшіріп, ұялы телефондардан алыс болуға кеңес берген.

- Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта what's up мессенджерінде жерсеріктік және эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде Жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы жалған ақпарат тарауда.Осы ретте Сіздерді үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенулеріңізді сұраймыз, - дейді «Қазтелерадио» АҚ.

Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді.

Сауалдар бойынша "Қазтелерадио" call-center-іне хабарласуға болады: 193, 7193 және +7(727) 2 581 500.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив