KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Бір айда қант бағасы тағы 13 %-ға өсті – Energyprom

20.07.2022, 15:32 338

Energyprom сарапшыларының пікірінше, елімізде қант сату шамамен 20 пайызға азайды. 

Биыл қаңтар-сәуір айлары қорытындысы бойынша ішкі нарықта қант өткізу көлемі 125,3 мың тонна болған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда, әлбетте, аз.

Нарықтағы отандық қант зауыттарының үлесі бір жыл бұрын 42,2% болса, биыл 51,5% болды.

Елімізге құрақ немесе қызылша қантының және химиялық таза сахарозаның импортымен байланысты сектордағы импорттың жалпы көлемі төрт айда 118,6 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 23%-ға аз.

Ресейден 60,5 мың тонна қант пен сахароза әкелінді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға аз. Импорт көлемі бойынша келесі орында Бразилия тұр: төрт айда 57,7 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив