KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Олимпиада чемпионы праймеризге қатысып жатыр

18.08.2020, 04:24 151

Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ольга Сергеевна кәсіби спортпен қатар қоғамдық қызметті бірге алып жүретіні көпшілікке белгілі. Ол Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. Партиялық жобаларды іске асыруда белсенділік танытып келеді.

Бүгін партияның Өскемен қаласындағы филиалында Олимпиада чемпионы праймериз кандидаты ретінде тіркелді.

– Еліміздің дамуына атсалысатын азаматтардың қатарында болғым келеді. Сондықтан мен праймеризге қатысу үшін өтініш бердім, – деп жазды Ольга Рыпакова өзінің Instagram-дағы аккаунтында.

Айта кету керек, праймериздің алғашқы күні аймақ көлемінде 70-тен астам өтініш келіп түсіп, оннан астам үміткер тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив