KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды

17.08.2020, 09:00 294

 

 Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасы, 1-тармағының 4) тармақшасы және 102,104 – баптары негізіндегі қаулысын назарларыңызға ұсынамыз.

Жексенбі, яғни 2020 жылдың 16 тамызында жарияланған қаулыда кезең-кезеңімен алынатын шектеу шараларының кімдерге қатысы бар екендігі айтылады.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, заңды тұлғалар:

1. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұрын қабылданған және  енгізілсін қатаң шектеу шараларын, Жарма, Күршім және Курчатов қ. қоспағанда 2020 жылғы 17 тамыздағы сағат 00.00-ден бастап кезең-кезеңмен алынуын қамтамасыз етсін.

Жарма, Күршім және Курчатов қ. аумақтарында қатаң шектеу шаралары сақталсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның (COVID-19) облыс аумағында таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

2. Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталсын.

3. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асырылсын.

4. Сыртқы орта объектілеріне (көлік, оның ішінде такси, ғимараттар, құрылыстар, аялдамалар, саябақтар және т.б.) дезинфекция және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, барлық елді мекендер аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру жалғастырылсын.

5. Мыналардың қызметіне:

1) Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының басқа өңірлерімен, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалалары арасында қалааралық автобус және қала маңындағы жолаушылар поездары қатынасына;

2) сенбі және жексенбі күндері сондай-ақ мереке күндері облыстың, қаланың, ауданның және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған көліктерді қоспағанда, қоғамдық көліктің жүруіне шектеулер сақталсын.

Қоғамдық көліктің жұмысы жұмыс күндері отыратын орындар саны бойынша толтырылып, соңғы аялдамаларда желдетуді, дезинфекциялауды жүргізіп, жүргізушілердің, кондукторлардың, жолаушылардың медициналық маскаларды міндетті түрде киюлерін қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады. Көлік құралының салонында маска киюді бақылау кондукторларға, олар болмаған жағдайда жүргізушілерге жүктеледі.

6. Ірі кәсіпорындармен бірлесіп өндірістің үздіксіз циклінде жұмыс істейтін персоналдарды жұмысқа жеткізу үшін қызметтік автокөліктің (автобустардың) қажетті саны анықталсын. Қызметкерлердің тұратын жерлерін ескере отырып, әрбір автобус бойынша жауапты адамдарды тағайындап, маршруттардың кестелері және бекітілген маршрут бойынша жүріп-тұратын адамдардың тізімі әзірленіп, бекітілсін.

7. Белгіленген санитариялық талаптар сақталған жағдайда, көпшілік демалыс орындарына (скверлер, саябақтар, алаңдар, жағалаулар, серуендеу аймақтары) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтармен бару режимі сақталсын.

8. Халықтың көшелерде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен, сондай-ақ COVІD-19 ауруына қауіпті топтарға жататын тұлғалар, 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы бойынша шектеулер сақталсын.

9. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сонымен қатар отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге оның ішінде үйде тыйым салу сақталсын.

10. Мына объектілердің қызметіне тыйым салу сақталсын:

- ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық ғимараттардағы аттракциондар, батуттар және басқалар), кинотеатрлар, букмекерліктер, фудкорттар, кальян шегу орындары, банкет залдары және барлар;

- мәдениет объектілері (театрлар, мұражайлар);

- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, синагога және т.б.);

- балаларды сауықтыру лагерлері;

- бассейндер, қалалық қоғамдық жағажайлар, ашық алаңдағы аквапарктер.

11. Жеке және заңды тұлғалар:

1) коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын;

2) денсаулық жағдайының миниторингісін:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, жедел медициналық көмекті (мобильді топты) үйге шақыру, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуді;

- КВИ ауруы, КВИ-ны жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді;

3) жаппай отбасылық салтанатты және еске алу шараларын оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын;

4) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде (негізінен отбасы мүшелері) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық жиналуына жол бермеуін қамтамасыз етсін.

12. Ашық ауада жеке және топтық жаттығулар (5 адамнан артық емес), ұлттық құрама және клуб командалары үшін спорттық жаттығу жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.

13. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгілерді қою) сақталған жағдайда:

қоғамдық тамақтану объектілері мен мейрамханалардың қызметіне үй-жайларда отыратын орындар саны 30 адамға дейінгі, ашық ауады ұжымдық іс-шараларсыз жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін шектей отырып;

медициналық орталықтар мен стоматологияға (жазылу бойынша);

дәріханалар, азық-түлік дүкендері, бөлімдері (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттардан тыс), азық-түлік емес дүкендер мен орталықтарға;

халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілерге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар), химтазалауға, кір жуу орындарға, халыққа өзге де қызметтерге;

өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларына, техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді сатуға, жөндеуге және басқаларға;

бизнес-орталықтарға (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттеріне, ломбардтарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес қаржы нарығы субъектілеріне рұқсат етілсін;

Төменде аталған объектілердің қызметтері жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) рұқсат етілсін, ал демалыс (сенбі жексебі) және мерекелік күндері шектетілсін:

1) ОСО, сауда үйлері, азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда орталықтары мен объектілері, сауда желілері, бутиктер, жабық базарлар (1 келушіге 4 ш. м. толтырылуы 30%-дан аспауы шарт);

2) сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен объектілер, маникюр және педикюр, СПА орталықтары (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м);

3) балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер (5 адамнан аспайтын топтар, алдын ала жазылу бойынша);

4) мектепке дейінгі балалар ұйымдары (15 адамнан аспайтын кезекші топтар);

5) ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска кию, келушілердің ағынын реттеу);

6) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының (бассейндерсіз) қызметіне алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% - дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етумен;

7) бассейндері жоқ моншалар мен сауналар (1 келушіге 4 ш. м., толтырылуы 50%).

14. Жұмыс берушілермен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу формасы сақталсын;

15. Электрондық үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚО жұмысын ұйымдастыру. Жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) және сенбі күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін шектеу.

«Қазпочта» АҚ жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін шектетіліп, барынша онлайн-форматта қызмет көрсету.

16. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілер:

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес, санитариялық-эпидемиялогиялық қауіпсіздік нормаларын;

- «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысын сақтасын.

17. Қалалар мен аудандар әкімдері, «Атамекен» өңірлік палатасы, аудандық және қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:

1) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;

2) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуін;

4) шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін, кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында InfoKazakhstan.kz сайтты пайдалануын;

5) кәсіпкерлік субъектілерін шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

18. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, ШҚО полиция департаменті:

1) қызметін қайта бастаған немесе рұқсат етілген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін.

Санитариялық ережелердің бұзылуы анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.

2) елді мекендерде, қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын орындарда және үйден (пәтерден) кез келген шығу кезінде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, халықтың маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтауына бақылауды күшейтсін.

3) кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

19. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

20. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

21. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

22. Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:

-«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы № 16;

-«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 04 шілдедегі № 16/1;

-«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 14 шілдедегі № 16/2;

-«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 18 шілдедегі № 17;

- «Шығыс Қазақстан облысы аумағында қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы» 2020 жылғы 02 тамыздағы № 20 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

23. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

24. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив