KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Өскемен гарнизонында бақылау комиссиясының отырысы өтті

17.08.2020, 06:16 151

Өскемен гарнизонының әскери бөлімдері мен әскери мекемелер өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуын бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Гарнизондағы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің жауапты тұлғалары қатысқан комиссия отырысына Өскемен гарнизоны бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Аслан Кітапбаев төрағалық етті.

Аталмыш отырыс барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасағандары үшін ұсталған әскери қызметшілері туралы мәліметтер жеткізілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуын бақылау комиссиясы мүшелерінің баяндамалары тыңдалып, оларға комиссия төрағасы бірқатар нақты тапсырмалар қойды.

«Жалпы отырыстың мақсаты - гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділігін қалыптастырып, арттыру және жемқорлықтың алдын алу»,- дейді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Абзал Таждинов.


Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив