KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Қазақстанда темекі қымбаттады. Өскеменде қанша теңге?

17.08.2020, 05:15 226

Energyprom.kz сарапшылары Қазақстан қалаларындағы темекі бағасына мониторингі жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2020 жылы елімізде темекі бағасы орташа есеппен 12 пайызға өсіп, 484 теңгеге дейін қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, қаңтар-маусым айларында 7,2 миллиард темекі, сигара, папирос және тағы басқа темекі өнімдері өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары екен.

Зерттеу деректеріне сүйенсек, Ақтөбе темекі бағасы ең жоғары қала болып тіркелді – 525 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары. Ал ең арзан темекіні алматылықтар сатып алады екен – 458 теңге. Өскемен қаласы аталмыш рейтингіде алдыңғы бестікті түйіндеп тұр: темекі бағасы бір жыл ішінде 14, 5 пайызға өсіп, 491 теңге болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив