KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

ШҚО-дағы банктер "7-20-25" бойынша 1 535 өтінімді қабылдады

15.08.2020, 05:05 271

«7-20-25» - бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.

«7-20-25» бағдарламасы неге тиімді болып табылады?

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы несие бойынша төмен 7 пайыздық мөлшерлемесімен (ЖТСМ - 7,2%) ерекшеленетін ипотекалық бағдарлама. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20% және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді (Нұр-Сұлтан, Алматы (шекаралас аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 млн теңге, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңге және басқа өңірлер үшін 15 млн теңге), қарыздың өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Қарыз алушыдан қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.

Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.

Қолданыстағы ипотекалық несие өнімдерінің ешқайсысы мұндай артықшылықтарға ие болған емес.

 «7-20-25» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуды қалайтын азаматтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен арада ынтымақтастық туралы келісімі бар Серіктес-Банктерге жүгінеді:

·                     «Банк ЦентрКредит» АҚ

·                     «Сбербанк» АҚ ЕБ

·                     «Қазақстанның Халық банкі» АҚ

·                     «Еуразиялық Банкі» АҚ

·                     «АТФБанк» АҚ

·                     «Jýsan Bank» АҚ

·                     «Bank RBK» АҚ

·                     «Forte Bank» АҚ

 «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға  мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

·                     Қазақстан Республикасының азаматтығы

·                     Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы

·                     Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы

·                     Ипотекалық кредиттерінің болмауы

 

13 тамыздағы жағдай бойынша «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық кредит алу Бағдарламасы бойынша қазақстандықтардан 421,9 млрд. теңгеден артық жалпы сомасына қарыз алуға 36 509 өтінім қабылданған. Оның ішінде банктер 245,1 млрд. теңгеден артық сомасына 21 045 өтінімді мақұлдады.

Шығыс Қазақстан облысының екінші деңгейдегі банк филиалдары 13,6 млрд. теңгеден артық сомасына қарыз алуға 1 535 өтінімді қабылдады. Оның ішінде 8,8 млрд. теңгеден артық сомасына 981 өтінім мақұлданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив