KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Бүгін Аягөз ауданына жаңа әкім тағайындалды

14.08.2020, 11:47 316

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылдың 14 тамызындағы №112-К өкімімен Аягөз ауданының әкімі болып Сеилбек Абұирұлы Ысқақов тағайындалды.

Бүгінгі актив отырысында ауданның жаңа басшысын облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов таныстырды.

Сеилбек Абұирұлы 1963 жылдың 26 мамырында Семей облысы, Шұбартау ауданының Қосағаш ауылында туған.

Арнаулы орта және екі жоғары білімі бар.

1983 жылы Ново-Покровка совхоз - техникумын мал дәрігерлік мамандығы бойынша, 1993 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия Университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері болып бастаған. 1983-1985 жылдары Совет Армиясының қатарында болды.

1985-1996 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері, ферма меңгерушісі, бригадир, бас малдәрігері, бас зоотехник қызметтерін атқарды.

1996-2003 жылдарында Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің малдәрігерлік инспекторы, «Шағырай» ЖШС-нің директоры. 2003 жылдың сәуір айынан Бидайық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2006 -2010 жылдары аралығында Аягөз қаласының әкімі, 2010-2016 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың наурыз айыннан Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет етіп келді.

Бұған дейін Аягөз ауданы әкімі қызметін Ділдабек Оразбаев атқарып келген болатын.

Думан Кенжеғазыұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив