KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде праймеризге байланысты партия активінің отырысы өтті

14.08.2020, 11:17 161

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны белгілі. Осыған орай партияішілік іріктеу(праймериз) туралы мəселелерді түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық  филиалы төрағасы  Даниал Ахметов онлайн форматта партия активі отырысын өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Праймериз өткізу ережесіне сәйкес, партия тізімінде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, ал жастар 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Праймериз өткізіу ел тарихында алғаш рет қолға алынып отырған тың бастама. Партия Лидері Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың партия жұмысын «қайта жаңғырту» бойынша берген тапсырмасынының негізгі бөлігі болып отыр. Сондықтанда жаңа көшбасшыларды іріктеуге арналған партия ішілік іріктеу (праймеризінің) сапалы, ашық, әрі заңды өтуіне ат салысуларыңыз қажет, - деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық  филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда партияда 295 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 60592 адам бар. Дауыс беруге 61894 адам қатысады, оның ішінде «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері – 1302 адам.

Жалпы облыста праймеризге қатысушы және партияластарына дауыс берушілер саны 295 бастауыш партия ұйымдарынан 61 894 адамды қатысады, оның  ішінде «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері – 1302.

Праймеризге дайындық барысында облыста дауыс беретін 222 орын анықталды.  Оның ішінде 163 учаскеде онлайн дауыс беруді ұйымдастыру үшін 318 ноутбук орнатылады. Қалған 59 учаскеде интернет байланысының болмауына байланысты дауыс беру дәстүрлі тәсілмен өтеді.

Праймеризді өткізу бойынша облыстық және аумақтық филиалдарда ұйымдастыру комитетінің және есеп комиссиясының құрамы анықталды. 100-ден астам алаңда үш деңгейде көпшілік дебат өткізіледі, -деді  «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков.

Активте праймеризге үміткерлерді қатыстыру тәртібі түсіндіріліп, праймеризді өткізу бойынша  жан-жақты ақпарат берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив