KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдей түсті

13.08.2020, 08:24 236

ХҚКО-ға кезекті брондау процесін оңтайландырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының, көлік иесінің ЖСН-ін (егер автокөлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН-ін көрсету қажет, барлық үш ЖСН бір қызметті алу үшін жүйеде тіркеледі екен.

Белгіленген уақытта арнайы ХҚКО-ға келген кезде талон кезекке қойған басқа адамдардың деректеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігінсіз ЖСН-нің біреуіне ғана беріледі. Яғни, мамандандырылған ХҚКО-ға кезекке автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі көрсетілген жағдайда ғана тапсырыс беруге болады.

Осылайша, ХҚКО қызметкері сенім білдірілген тұлға туралы мәліметтерді арнайы ХҚКО-ға келген кезде кезекке қойған тұлғалар туралы деректерге өзгерістер енгізу қажеттілігінсіз алдын ала алады. ХҚКО-да (арнайы ХҚКО емес) кезекті брондау бұрынғы форматта қалады.

Telegram (EgovKzBot2.0), Вконтакте (Портал eGov.kz) және Facebook (Портал Egov.kz)чат-боттары арқылы кезекті брондау үшін, басты мәзірде "ХҚКО-да кезекті брондау" батырмасын басып, одан кейін нұсқалардың бірін таңдау керек: кезекке тапсырыс беру немесе қайта брондау.

Сәтті брондау кезінде мессенджерге немесе чат-ботқа хабарлама түседі, егер мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, пайдаланушыға СМС-хабарлама келеді. Кезекті алдын ала брондауға тәулігіне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь болса, жаңадан брондау мүмкін емес, оны қайта брондау керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив