KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Күршімде биыл қолға алынған 11 жоба. Ол қай нысандар?

12.08.2020, 09:38 171

Бұл туралы Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановтың аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есеп беру жиынында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күршім ауданында «Ауыл-ел бесігі» жобасының аясында 2020 жылы 11 жоба қарастырылған, оның бірі (Күршім ауылында жабық бассейн салу жобасы), қалған 10 жоба мынадай:

1. Күршім ауылы, Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебін күрделі жөндеу.

2. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу.

3. Марқакөл ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеу.

4. Қалжыр орта мектеп-интернатының ғимаратын күрделі жөндеу.

5. Күршім ауылындағы көшелерді орташа жөндеу.

6. Марқакөл ауылындағы көшелерді орташа жөндеу.

7. Қалжыр ауылындағы орташа жол жөндеу.

8. Марқакөл ауылындағы клуб ғимаратын күрделі жөндеу.

9. Күршім ауданы, Күршім ауылы, «Күршім орталық аудандық ауруханасы» КМК поликлиника ғимаратының ішкі бөлмелерін күрделі жөндеу.

10. Марқакөл ауылындағы ауылдық аурухананың ғимаратын күрделі жөндеу.

-Осы бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижесінде аудан бойынша барлығы 268 жұмыс орындары ашылды,-деді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив