Өскемен
-29°
плотный туман ветер 1 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Бүгін теледидарды қоспай-ақ қойыңыз...

20.07.2022, 09:51 0 0 Оразай Жеңісұлы

20 шілдеде сағат 3:00-ден 17: 00-ге дейін теледидар мен радио хабар таратуды тоқтатады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ-ның мәлімдеуінше, жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға сәйкес жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарының сервистері жабылады.

– Тоқсан сайын жүргізілетін бұл жұмыстардың арқасында сапалы телерадио хабар таратуға мүмкіндік туады. Мамандар сервисті өшіріп, техникалық құралдарды жаңартады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив