Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

ШҚО-да кәсіпкерлер қауымдастығының филиалы құрылды

19.07.2022, 15:22 2 0 Оразай Жеңісұлы

Өскеменге Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында» қауымдастық президентінің қатысуымен «Дамудың жаңа бағыттары» атты бизнес-форум өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының өңірлік өкілдері, маркетинг және нетворкинг жөніндегі мамандар мен белгілі кәсіпкерлер қатысқанын айта кетейік.

Енді Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер қауымдастығының филиалы жұмыс істейді. Филиал бизнес саласындағы жобаларды іске асыруға қолдау көрсетіп, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

– Кәсіпкерлік – көптеген мүмкіндіктер жол ашатын сала. Ал мұндай форумдар тәжірибе алмасуға таптырмайтын мүмкіндік. Кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қатысты пайдалы кеңес алып қана қоймай, Қауымдастық мүшесі бола алады. Біз өз бизнесін және жалпы ел экономикасын дамытатын қазіргі заманғы кәсіпкерлердің жаңа қоғамдастығын құруға мүдделіміз, – деді кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай.

Сондай-ақ форумда тәжірибелі сарапшылар сөз сөйледі. Өңірлік кәсіпкерлер қауымдастық басшысына өз ұсыныстарын да жеткізді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив