KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды "Абай күні" датасымен құттықтады

10.08.2020, 04:42 101

Құрметті шығысқазақстандықтар! Қадірменді жерлестер!

Үкімет қаулысымен 10 тамыз – «Абай күн» деп аталып, еліміздің мерекелер күнтізбесіне енгізілуі халқымызға, оның ішінде, әсіресе хәкімнің кіндік қаны тамған Шығыс жұртына ерекше қуаныш сыйлады. Әлемдік деңгейдегі кемел ой, кестелі сөз иесінің туған күнін ел болып атап өту ең бірінші кезекте Абай Құнанбайұлына деген жоғары құрметіміз әрі ақын рухына жасаған тағзым деп білеміз. Ұлтын жарқын болашаққа жетелеген, тастүнекте шамшырақтай жарқыраған ұлы бабамыздың биылғы мерейтойы өткенді таразыға салып, болашақты бағдарлайтын, елдігімізді нықтап, береке-бірлігімізді бекіте түсетін үлкен бір белес болатыны анық. Осы орайда Абай күнінің тарихтан ойып орын алуы айтулы мерейтой аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл күнді мерекелеу арқылы біз рухани жаңғырып, жас ұрпақтың өнер-білімге құштарлығын арттыруға серпін береміз.

Қымбатты ағайын, Абай күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, деніміз сау болсын. Әр шаңыраққа мол бақыт, сарқылмас дәулет, құт-береке тілеймін.

Құрметпен, Даниал Ахметов,Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив