KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

31.07.2020, 10:14 169

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді келіп жеткен қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт еліміздегі барша ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен ынтымаққа үндеп, татулық пен бейбітшіліктің мерекесіне айналды.

Ол – өзара ізгілік пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарды дәріптейтін қасиетті мейрам. Бұл күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани кемелденуіне ерекше мән береді. Ендеше ниетіміз түзу, пейіліміз таза болсын.

Биыл еліміздегі пандемия жағдайына байланысты қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін сіздерді Құрбан айт мейрамын отбасымен үйде атап өтуге шақырамын.

Қасиетті мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив