KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Татарстаннан келген дәрігерлер елдеріне қайтқан соң да ШҚО-дағы жұмысын тоқтатпайды

31.07.2020, 05:57 127

ШҚО-ға табан тіреген екі апта ішінде провизорлық стационардағы науқасты емдеу механизмі көрсетілді.

Облысқа келген Татарстан дәрігерлері екі күн бойы шығысқазақстандық әріптестеріне онлайн-кеңес жүргізді. Одан кейінгі екі аптада ресейлік мамандар провизорлық және инфекциялық стационарлардың бөлімшелерінде болып, медицина қызметкерлеріне кеңес беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Бұдан бөлек, дәрігерлер телемедицинаны да қолданып үлгерді. Арнайы чат құрылып, оған Татарстанның жетекші мамандары мен Шығыс Қазақстанның дәрігерлері қосылды.

Чатта коронавирус инфекциясының ауыр түрін қалай емдеу керектігі туралы талқыланды.  Алдағы уақытта Татарстаннан келген дәрігерлер елдеріне қайтқан соң да бұл чат жұмысын тоқтатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл топтың құрамында ресейлік анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог, пульмонолог сынды мамандар мен дәрігерлер және инфекциялық аурухананың қызметкерлері бар. Топты Татарстандағы республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин басқарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив