KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

"Несие рәсімдеген". Алаяқтық жасаған Семей тұрғыны ұсталды

18.07.2022, 16:56 142

Семейде алаяқтық жасады деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полицияға 47 жастағы тұрғын шағымданған. Айтуынша, қаржылық көмек көрсетемін деген сылтаумен танысы оның атына 680 000 теңге сомасында ақшалай несие рәсімдеп кеткен.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жауап алу кезінде ол өз ісін мойындады, тиісті айғақтар алынды, – деп хабарлады полиция басқармасының өкілдері.

ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив