KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-дағы құрбандық шалу орындарында полиция бекеттері қойылады

30.07.2020, 03:23 116

ШҚО-дағы құрбандық шалу орындарында қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында полиция бекеттері жұмыс істейді. 

ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әсет Өтепов облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесіне орай құрбан шалу орындарында полиция бекеттері жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

Әсет Өтеповтің айтуынша, бұл өз кезегінде қоғамдық тәртіп қадағалауға мүмкіндік береді.

- Біз облыс тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтап, Qurban2020.kz сайты арқылы онлайн құрбандық шалуларын сұраймыз, - деді Әсет Өтепов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив