KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да 79 мың адамға 5567 теңгеден беріледі

23.07.2020, 10:32 239

Облыста 6-18 жас аралығындағы атаулы әлеуметтік көмек алатын 14 369 балаға, 47 245 мүмкіндігі шектеулі жан мен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 5017 балаға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 5220 адамға, сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 7195 азаматқа азық-түлік себеті таратылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов мәлім етті.

Айтуынша, облыста 79 мың адамға 5567 теңге мөлшерінде көмек беріледі. Ең қажетті азық-түлікті сатып алу үшін аталған қаражат көлемі жеткілікті деп есептелген. Осы мақсатта бюджеттен 440 миллион теңге қарастырылып отыр.

- Қазіргі уақытта 7196 адамға азық-түлік себетінің ақшасы берілді. Оған 40,1 миллион теңге жұмсалды, - деді Досхан Қайырғазинов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив