KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Татарстан дәрігерлері Көкпекті мен Тарбағатайға аттанады

23.07.2020, 04:55 72

Бүгінде Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Осыған байланысты 3 күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанбақ.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

- Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда.  Оған үш күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанады. Аудан ауруханалары барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік желілерде пайда болған оттегінің жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа сай емес. Ал дәрігерлер өздерін қорғай білулері керек. Дәрігерге ренжіп, бүкіл жүйеге әлеуметтік желілерде кір келтіруде. Бұған жол бермеу керек, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив