KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 2,3 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

"Зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік түсініктеме берді

22.07.2020, 07:22 140

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде зейнетке шығу жасының төмендеуі туралы хабар тарап жатыр. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат, зейнетке шығу жасын өзгерту туралы мәселе қозғалып жатқан жоқ", - деді еңбек министрлігі.

Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, Нұрлыбек Қуаңбаев деген Facebook қолданушысы парақшасында азаматтардың зейнетке шығу жасы қысқартылғанын, ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады деген ақпарат жариялаған. Сонымен қатар скриншотқа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін қосып қойған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив