KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тарбағатай ауданының халқы 5 миллионға жуық қаржы жинады

21.07.2020, 10:24 186

Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы №2 ауданаралық ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан науқастарға көмектесу үшін 12 шілдеден бері қаржы жиналып жатыр. Осы күнге дейін барлығы 4 млн 759 мың 521 мың теңге ақша жиналған екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тарбағатай ауданының әкімі жасаған үндеуге аудан халқы қолдау көрсетіп, қатерлі індетпен күресуге ат салысуда. Осы мақсатта Ақжар ауылында еріктілер тобы құрылып, індетке қарсы жұмыстар ұйымдастырылып жатыр.

Жиналған қаржының 4 млн 724 мың теңгесі аурухананың игілігіне жұмсалып отыр. Мысалы, 10 дана «оттегі концентраторы» аппараттарын сатып алу үшін Алматы қаласына аударылды. Аппараттар жуықта жеткізіледі.

Одан бөлек ауруханаға маскалар, антисептикер мен спирттік салфеткалар, ең қажетті дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер, 50 дана көп реттік киілетін сапалы қорғаныш костюмдері, оттегі баллондарына 7 редуктор сатып алынып, Ақжар ауруханасына табыс етілді.

- Ауруханада оттегі балондарының жетіспеушілігі  анық байқалған болатын. Науқастардың жақын туыстары оттегі балондарын өздері тауып әкеліп тасымалдауға мәжбүр болған жағдайлар да болды. Оттегі тапшылығы мәселесін дер кезінде шеше білген аудан әкімі Серікқазы Садуақасов мырзаға үлкен алғымызды айтамыз. Қазіргі уақытта ауруханаға тағы да 2-3 ИВЛ апараты, өкпені компьютелік томография жасайтын аппарат, науқастың қанындағы оттегі мөлшерін анықтап тұратын аппараттар қажет. Сонымен қатар, індетпен күресуде тәжірибесі бар білікті дәрігерлер де жетіспейді, - дейді еріктілер тобының жетекшісі Ермек Құрманғалитегі.

Көмек көрсетуге ниетте жандар болса, реквизиттер төменде көрсетілген:

Каспий Gold: 87775796550

Карта номері: 5169 4971 0141 5077

Каспий банктегі IBAN: KZ75722C000030797956

ИИН: 810716302078

Құрманғалиев Ермек Төлеуханұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив