KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Көкпекті ауруханасына 9 оттегі аппаратын алып берді

18.07.2020, 07:36 216

Әлемді әлекке салған індетпен күресте көкпектілік кәсіпкерлер, елжанды азаматтар аудан басшысы Асхат Сайдахметұлының үндеуіне үн қосып жатыр. Солардың ішінде – аудан тумалары, жеке кәсіп иелері ерекше үлес қосуда.

18 шілде күні Көкпекті ауданына тағы да 6 оттегі аппараты әкелінді. Қауіпті індетпен күресте дәрігерлерге өте қажет көмекші құрал «Ақ Ниет» қоғамдық қорына жергілікті кәсіпкерлер жинаған қаражат есебінен сатып алынды. «Armed» оттегі концентраторлары Самар ауруханасына 3 және Көкпекті орталық ауруханасына 3 данадан берілді. Бұған дейін жарқын үлгі көрсеткен жас кәскіпкерлер Арайлым Мандиева және Тимур Қасенбаев Көкпекті орталық ауруханасына бүгінгі күнде зәру болып тұрған құрылғы 3 оттегі аппараттын алып берген еді.

Індетпен күресте аса маңызды құрылғыны қабылдап алған Көкпекті орталық ауруханасының бас дәрігері Әсем Рахимбаева көмек қолын созған кәскепкерлерге барлық дәрігерлер атынан алғысын айтты.

Ел басына күн туған қиын кезеңде көкпектілік елжанды азаматтар жаппай көмек қолын созуда. «Ақ Ниет» қоғамдық қорына құйылған көмек қаражаты есебінен оттегі аппараттарынан бөлек Көкпекті орталық ауруханасына 25 провизорлық және 10 карантиндік төсек орын дайындауға қажетті сантехника құралдары сатып алынған. Сондай-ақ, Көкпекті орталық ауруханасына 3 және Самар ауруханасына 5 бобров құрылғысы берілді.

Жұрт болып жұмылып, дәрігерлерге дем беріп, ауруханаларға көмектесіп жатқан ағайын көп. Осындай ел басына қиыншылық келген кезде Көкпекті және Самар ауылдары тұрығындары қарап жатпай ауруханада науқастардың өмір үшін күресіп жатқан дәрігерлерге, дерттеріне шипа болсын деген ниетпен ет, қымыз, құрт т. б азық түрлерін апарып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив