KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Қатты қалдықтарды сұрыптайтын желі қыркүйекте іске қосылады – Өскемен әкімі

16.07.2022, 21:36 115

Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын желі қыркүйек айында іске қосылады. Бұл туралы Instagram-да тікелей эфирге шыққан Өскемен әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш желі экологиялық жүктемені төмендетеді деп күтілуде.

– Жоба екі жыл бұрын басталған еді. Қазір соңғы кезеңде деуге болады. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Енді аумақты абаттандырылып жатыр. Желі іске қосылса, қоқыстың 40 пайызын сұрыптауға мүмкіндік туады. Соның арқасында экологияны жақсара түседі және полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды жиналып қалмайтын болады, – деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, сұрыптау желісінің барлық элементтері бар. Енді желіні құрастырып, баптауларын орнату. Мұны жабдық өндіруші – SABO S. A. грек компаниясының мамандары жүзеге асырады.

– Жалпы мұндай жабдықтар Сербия, Албания, Греция сынды елдерде жұмыс істеп тұр. Қазір Грекиядан келген серіктестер іске қосу жұмыстарымен айналысуда. Тамыз айының ортасында Словениядан мамандар келеді. ҚТҚ сұрыптау желісін іске қосу 15 қыркүйекке жоспарланып отыр, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив