KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

16.07.2020, 02:58 187

16 шілдеде елімізде күн ыстық болады. Дегенмен кейбір аймақтарда жел күшейіп, жауын немесе бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

16 шілдеде еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағындар бөлігінің ықпалынан кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерде жел күшейеді, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с  дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, дауыл соғуы мүмкін. Бұршақ жауады.
Күндіз Павлодар облысының кей жерінде жел 18 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерде өте аптап ыстық болуы мүмкін.
Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, кей жерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив