KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
439.4 473.54 4.76

Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

11.07.2020, 09:55 193

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қайрат Баймұхамбетов – ШҚО-ның Күршім ауданының тумасы. 1964 жылы 16 қаңтарда Сарыөлең ауылында дүниеге келген.  1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "дәрігер гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша, 2006 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін тәмамдап, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтында біліктілігін арттырудан өткен.

1991 жылдан бастап Тың темір жолы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының Көкшетау бөлімшесінің санитар дәрігері болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Коммуналдық гигиена бойынша дәрігер, Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылы Глубокое аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2016 жылы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып қызмет еткен.

2017-2019 жылдары Қарағанды облысының Қоғамдық  денсаулық сақтау департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. Одан кейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Осынау қайғылы күні марқұмның  отбасына, Баймұхамбетовтер әулетіне, жары мен балаларына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив