KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары колледж – ШҚО

15.07.2022, 17:33 151

Глубокое аграрлық колледжін тәмамдаған түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайыздан асып жығылады. Бұл туралы аталмыш білім ордасы директорының орынбасары Нина Хилькевич хабарлады.

Мұндай көрсеткішке жету бірінші кезекте сапалы білім берумен байланысты болса, екіншіден колледж басшылығының әр түлектің жұмысқа орналасуын қатаң бақылауға алуымен байланысты. Жалпы 68 жылдық тарихы бар Белоусовка ауылында орналасқан Глубокое аграрлық колледжін әр жылдары тәмамдаған түлектер қазірде ауданның аграрлық-өндірістік кешеніндегі жұмысшылардың басым бөлігін құрайды.

– Біздің колледж бес мамандық бойынша білім береді. Биыл классификатор бірқатар өзгерістерге ұшырады. Ауыл шаруашылығын механизациялау бойынша студенттеріміз ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеуші мастер, техник-механик және тракторшы-машинист мамандықтарын алып шығады. Бұдан бөлек, дәнекерлеушілер мен аспаздарды да дайындап шығарамыз, – дейді Нина Хилькевич.

Оның айтуынша, биылғы жылы ғана колледжді 79 түлек тәмамдап шыққан. Сонымен қатар, колледж басшылығы студенттің қолына дипломын ұстатпас бұрын, одан жұмысқа орналасуы туралы анықтама талап етеді. Осылайша, колледж түлектерінің жұмысқа толықтай орналасуы қамтамасыз етіледі.

Аграрлық салада кең сұранысқа ие мамандықтарды даярлап жатқан білім ордасы өзінің жеке жатақханасымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мұнда көпбалалы отбасылардың балаларын оқытуда да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Атап айтсақ, балалар шәкіртақы алып, ыстық тамақпен тегін қамтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив