KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Үржар ауданындағы тозығы жеткен көше жолдары. Әкім қандай жұмыстар атқарып жатыр?

10.07.2020, 08:30 161

Үржар ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Үржар ауданы бойынша биыл «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Үржар ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 779 млн 162 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер - «Ярус» ЖШС. Жобаны аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған. Сонымен бірге, аудандық маңызы бар Үржар-Қызылту-Бургон автомобиль жолына 233 млн теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Амиргалинов.

Айта кетейік, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар, Мақаншы, Алтыншоқы ауылдары бойынша 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 214 млн 102 мың теңге бөлінген.

Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аудандық аурухана ауласы мен инфекциялық бөлімінің алдына түгелдей асфальт төселгенін жазған.

- Аурухана ашылғалы алдына, маңайына асфальт төселмеген еді. Халыққа ыңғайлы болды. Көшелердің жолдарына дейін жөнделіп жатыр, - дейді ауыл тұрғыны Роза Болатханова.

Нұржан Тоқсейітовтің айтуынша, алты көшеге асфальт төселсе, енді 14 көше кезегін күтіп тұр.

- Осы жылы облыстық бюджет есебінен жергілікті маңызы бар Таскескен-Бақты, Қарабұта, Ақшоқы автомобиль жолының 0-22 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспараланып отыр. Жоба құны 527 млн теңге. Жұмыстар кестеге сайкес жүргізіледі. Сонымен бірге, биыл аудан бойынша 35 елді мекенге жарық тарту үшін 48 968,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі күні жұмыстар атқарылуда, - дейді Бауыржан Амиргалинов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив