KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да жастар көл жағасын қоқыстан тазартты

15.07.2022, 17:30 149

Катонқарағайлық жастар Бұқтырма суқоймасының жағасын қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акция өткізді.

Жаз шығып жасыл құрақ жайқалған кезде көпшіліктің көл жағасына тартылып, демалатыны белгілі. Міне осы кезде көк айдынның жағасын таза ұстау басты мәселеге айналады. Бұл әсіресе Бұқтырма суқоймасының жаңалауында орналасқан елді мекендердегі өзекті проблеманың бірі.

Осыны ескерген катонқарағайлық жастардың «Жасыл ел» еңбек отряды аудандық Жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесе отырып арнайы экологиялық акция ұйымдастырды. Суқойманың Приморск ауылы маңындағы жағажайында ұйымдастырылған «Таза жағалау» акциясына жасылелдіктердің 24 сарбазы, бес волонтер мен Төтенше жағдайлар бөлімінің үш қызметкері қатысты. Өстіп, экологиялық шараға қатысушылар жағажайды түрлі қоқыстан тазартып, қалпына келтірді.

Айта кетсек, бүгінде көпшіліктің сүйікті демалыс орындарының біріне айналған бұл жағажайға ары-бері өткен турситерден бөлек, жақын маңдағы ауыл-аймақтардың тұрғындары да келіп суға шомылуды әдетке айналдырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив