KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Зайсандық шаруаларға дақыл өсірудің қыр-сырын үйретті

15.07.2022, 17:23 73

Зайсан ауданында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен көшпелі семинарда білікті мамандар жергілікті шаруаларға дақыл өсірудің қыр-сырын үйретті.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, көшпелі семинар Дайыр, Қаратал ауылдық округтерінде, сондай-ақ, Сарытерек ауылдық округіне қарасты Қарой егін учаскесінде, яғни «QABYL AGRO» шаруа қожалығының егін алқабында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен өткен. Оған жергілікті жердегі дәнді-дақыл егумен айналысып отырған шаруа қожалықтарының жетекшілері мен «Ауыл» партиясы филиалының басшылығы, мәслихат депутаттары, Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығының ғылыми мамандары, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалының басшылығы қатысты.

Семинар барысында шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тиісті жауаптар беріп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Егіс алқабында жалғасқан семинарда тұқым себу, одан шығатын өнімнің сапасын анықтау бойынша пікірлер айтылды. Сонымен қатар, ауданда гибридті дақыл тұқымдарының алғашқы жыл егіліп отыруына байланысты мамандар ақыл-кеңестерін берді. Шара соңында қатысушылар алдағы уақытта басқа да ауылдық округтердің шаруа қожалықтарына осындай кеңестер ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізіп отыруға келісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив