KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
447.4 477.55 4.76

Өскемендегі дәріханаларда препараттар жеткілікті ме?

9.07.2020, 09:35 227

Өскеменде қалалық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен баға саясатының тұрақтылығына мониторинг жасау бойынша рейд шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Рейд барысында бірінші қажеттіліктегі дәрі-дәрмектердің, ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер, жеке қорғаныс заттарының бар-жоғы, олардың бағасы тексеріледі.

Мониторинг нәтижелері бойынша дәрі-дәрмек бағасын рұқсат етілген бағадан жоғары қою фактілері анықталмады. Өткен аптадағы рейд барысында бірқатар дәріханаларда аспирин мен парацетамол жоқ болған. Тапшылық тұрғындардың бұл препараттарды көптеп сатып алуына байланысты туындаған. Жеткіліксіз дәрі-дәрмектер дәріханаларға Алматы қаласы мен Ресейден жеткізілді.

Бүгінгі таңда қажетті препараттар мен жеке қорғаныс заттары қаладағы барлық дәріханаларда сатылымда бар. Сонымен қатар, барлық қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив