ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Үлесі бар азаматтар жерін меншіктеп алуға құқылы - ШҚО

15.07.2022, 17:15 0 0 Оразай Жеңісұлы

Шаруа қожалығында немесе фермерлік құрылымда жер үлесі бар азаматтар кез-келген уақытта өзіне тиесілі жерді алуға, я болмаса сол жерді пайдаланғаны үшін түскен пайдадан дивидент алуға құқылы.

Облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлистің айтуынша, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жер реформасы үш рет елеулі өзгеріске ұшыраған. Атап айтсақ, алғаш рет 1990-1993 жылдары «Қазақ ССР-індегі шаруа қожалығы туралы» Заң, Қазақ ССР-нің Жер кодексі, «Жер реформасы туралы» Заң қабылданды. 2001 жылы «Жер туралы» Заң, ал 2003 жылы Жер кодексі қабылданды.

– Тәуелсіздік жылдарындағы жер реформасын үш кезеңге бөлуге болады. 1992-2001 жылдар аралығын қамтитын бірінші кезеңінде совхоздардың жерлерін шартты жер үлестеріне бөлу және дербес шаруашылықтарды ұйымдастыру жүргізілді. Бұл кезде шаруашылық жүргізудің әр түрлі нысандары қалыптасып, ауыл шаруашылығы жер қорын қайта бөлудің негізі қаланды. Яғни, осы уақытта шаруа қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты, мал шаруашылығын, саяжай құрылысын ұйымдастыру үшін берілген жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығы енгізілді, – деді Надежда Михейлис.

Ал 2002-2003 жылдарды қамтыған екінші кезеңде тұрақты жер пайдалану құқығы уақытша жер пайдалану құқығына ауыстырылып, жер телімін жалға беру мерзімі 99 жылдан 49 жылға дейін қысқартылды. Бұл жылдары көп нәрсе жүзеге асып, ең алдымен, шаруалардың жерге еркін қол жетімділігі қамтамасыз етілді, жер учаскелеріне деген мемлекеттік монополия бірқатар дәрежеде жойылды.

2003 жылы еліміздің Жер кодексі қабылданды. Аталмыш заңнамалық құжат шыққанға дейін шартты жер үлестерінің иелері 11 жыл бойы совхоздардың жерін басқару құқығына ие болған еді. Бірақ, олардың көпшілігі шартты жер үлесіне деген құқықтарды жүзеге асырмады. Осы себепті, азаматтарға «Шартты үлесті» «Жер учаскесіне» өзгертуге екі жыл уақыт берілді.

– Жер кодексінің 170-бабына сәйкес шартты жер үлесі бар адамдарға 2005 жылдың бірінші қаңтарына дейін жер учаскесін жеке меншікке сатып алу, шаруа қожалығын немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін дербес жүргізу үшін жер учаскесін жалға алу, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік берілді. Осы уақытқа дейін аталмыш жұмыстарды іске асыра алмағандар шартты жер үлесіне деген құқықтарынан айырылды, - деді Надежда Михейлис.

Басқарма басшысының хабарлауынша, қазіргі уақытта осындай жер үлестері бар азаматтар шаруа қожалығынан кез-келген уақытта шығып немесе жалға берген жері үшін түскен пайдадан дивидент алуға құқылы көрінеді. Қатысушылар ауыл шаруашылығы ұйымының құрамынан шығу жалпы жиналыс өткізілуі қажет. Жиналыстың хаттамасында шығатын қатысушылардың жер учаскелерінің ауданы көрсетіліп, сызбасы жасалады. Бұл жерлерде бір ескере кететін жайт, жер учаскесі егіс жұмыстарын жүргізіліп жатқан кезеңінде берілмейді.

– Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының агроқұрылымдардың шаруашылық, қаржылық және өзге де қызметіне араласуға құқығы жоқ. Дегенмен, агроқұрылымдардың басшылары бұл олардың жері емес, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу үшін берілген азаматтардың жері екенін жиі ұмытатынын атап өткім келеді. Сондықтан, азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрамынан шығуға, сондай-ақ олардың жер учаскелері үшін пайдадан дивидендтер алуға құқылы екенін ескертемін, – деп қосты басқарма басшысы.

Айта кетсек, бүгінгі күні облыс аумағы 9,8 млн. гектар болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 3,5 млн. гектарды құрайды. Оларда 8895 агроқұрылым өз жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Ал жер үлесі бар 127 агроқұрылымның иелігінде жалпы ауданы 338,4 мың гектар жер телімі бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды