KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Белоусовка кентінде көпір құрылысы басталды

15.07.2022, 17:06 134

Белоусовка кентінде құрылысы басталған қос көпір елді мекеннің транспорттық қарым-қатынасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар ауданның дамуына да өз әсерін тигізбек.

«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа Белоусовка кентінде екі бірдей көпірдің құрылысы басталды. Оның бірі кенттің «Өскемен-Риддер» тас жолы жағынан кіре берісінде салынып басталса, екінші көпірдің құрылысы Суворов көшесінің тұсында басталған. Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елдар Ыдырышевтың айтуынша, аталмыш өткелдер кенттің транспорттық логистикасын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ ауданның экономикалық дамуына да әсерін тигізбек.

– Белоусовка кентіндегі Суворов көшесінің тұсында екі жолақты көпір құрылысы басталған. Қазіргі уақытта аталмыш көпірдің аралық тіреулерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсам, нақты осы уақытта тіреулердің іргетастары құйылатын жерлерді арматурамен тоқу жұмыстары қолға алынған, – дейді №1 жол жөндеу учаскесінің бастығы Сайранбек Темешов.

Ауыл жұртшылығының айтуынша, алдағы уақытта салынатын көпір кент көшелеріндегі көлік ағынын азайтып, елді мекен ішіндегі жолдардың жақсы күйінде сақталуына жағдай жасайтын көрінеді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де арналған жолы бар өткел, адамдардың өзеннен қауіпсіз өтуіне де мүмкіндік бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив