KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Мәдениет үйлері жөнделіп жатыр – ШҚО

15.07.2022, 17:01 170

Биыл Шемонайха ауданындағы мәдениет ошақтарына көп көңіл бөлініп, бірнеше ауылдағы мәдениет үйлері жөндеуден өткізілді.

Соңғы жылдары Шемонайха ауданында халыққа түрлі қызмет көрсететін әлеуметтік сала нысандарына ерекше көңіл бөлініп келе жатқаны рас. Осындай көңіл бөлушілік мәдениет саласында да жақсы көрініс табуда.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнаш Ожекенованың айтуынша, үстіміздегі жылы ауыл-аймақтардағы мәдениет ошақтарына жеткілікті мөлшерде қаражат қарастырылып, көпшілігі күрделі жөндеуден өткізілген. Атап айтсақ, биыл Зевакино ауылдық округіне қарасты Уба елді мекеніндегі ауылдық клуб, Каменское ауылдық округіне қарасты Рулиха ауылындағы мәдениет үйі жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар, Усть-Таловка елді мекеніндегі ауыл тұрғындары мен қонақтары жиі қатынайтын «Горняк» клубының қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

– Бүгінгі күні ауыл тұрғындары қайта жөнделген залдарға келіп, оларда өтетін түрлі мәдени шараларды тамашалауда. Бұл өз кезегінде мәдениет саласында көрсетілетін біздің қызметіміздің сапасын жақсартуға да септігін тигізуде, – деп атап өтті Айнаш Ожекенова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив