KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО әкімі еліміздің Тұңғыш Президентін 80 жас мерейтойымен құттықтады

6.07.2020, 06:50 168

"Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлын шын жүректен шығысқазақстандықтардың және өзімнің атымнан 80 жас мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды лебізімізді жолдаймыз!" деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасына.

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш мемлекеті – Қазақстан Республикасының тәуелсіз тағдырын жазып, негізін қалаған тарихи тұлға.

Дара жолындағы Тұңғыш Президентіне зор қолдау білдірген қазақстандықтардың береке-бірлігінің, Елбасының кемел кемеңгерлігі, саяси көрегендігі мен парасатты басшылығының арқасында жас мемлекетіміз отыз жылда экономикасы қуатты, ішкі және сыртқы саясаты тұрақты мемлекет ретінде төрткүл дүниеге танылды. Бүгінде ынтымағында ырысы жатқан еңсесі биік егемен елге айналды.

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз! Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін!,-деген жазба қалдырды облыс әкімі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив